Іс жүзіндегі меритократия

Іс жүзіндегі меритократия

БҚДА қызметкерлерін мансаптық ілгерілету меритократия қағидаттарымен қатар, білім деңгейі, құзыреттері, қызмет тәжірибесі және қойылған міндеттерге атқара алуына байланысты жүзеге асырылады.

2022 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып БҚДА құрылымында 14 жылдық тәжірибесі бар Жандос Ибадуллаұлы Спан тағайындалды. Бұған дейін БҚДА орталық аппаратының экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындар департаментінің мемлекеттік кәсіпорындар мен бірігулерді бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2022 жылғы 26 қыркүйекте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мұқаева Динара Бақытқызы тағайындалды. БҚДА құрылымында 14 жылдық жұмыс өтілі бар, бұған дейін орталық аппараттың тергеу департаменті картельдермен күрес басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2022 жылғы 3 қазанда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысылығына 19 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде БҚДА құрылымында 8 жыл жұмыс істеген, бұрын Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған Кальменова Маржан Тынысбекқызы  тағайындалды.

Әріптестерімізді құттықтай отырып, табыс тілейміз!