
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензиаттардың лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтінішіне байланысты 2019 жылғы 6 мамырдағы № 1000701 «Qazaqstan Universal Commodity Exchange» АҚ тауар биржалары саласындағы қызметпен айналысу құқығына тиісті лицензия қолданысын тоқтатты.
Заңның 35-бабының 3-тармағына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиаттар жүзеге асыруға қолданысы тоқтатылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығы жоқ екенін атап өтеміз.