
Құрметті отандастар, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Сіздерді Ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтайды!
32 жыл бұрын ел егемендік Декларациясын қабылдады. Содан бері Қазақстан жан-жақты дамып, бүкіл әлемде танылды. Қоғамдағы бірліктің, біртұтас құндылықтар мен бірліктің арқасында біз ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын бірге құрып келеміз.
БҚДА ұжымы Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық тілейді. Біздің Тәуелсіздігіміз бен Егемендігіміз мәңгілік болсын! Баршаңызға бейбітшілік, амандық тілейміз!
Құрметпен, #ҚРБәсекелестіктіқорғаужәнедамытуагенттігінің ұжымы