ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. БҚДА қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары және Құрмет грамоталарына ие болды.
БҚДА Төрағасы Марат Омаров әріптестерін Ұлттық мерекемен құттықтай отырып, былай деді:
"БҚДА барлық қызметкерлері өз елінің үлкен патриоттары, мемлекеттік қызметте жұмыс істей отырып, сіздер еліміздің дамуына өз үлестеріңіз бен пайдаларыңызды қосып жүрсіздер. Агенттік еліміздің бәсекелестігіне, оның ішінде Қазақстан экономикасының сапалы дамуына үлкен үлес қосады".
Қазақстан Республикасы Президентінің "Құрмет" орденімен Маңғыстау облысы бойынша БҚДА департаментінің басшысы Есенов Бауыржан Серікұлы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерен Еңбегі үшін" медалімен Мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық шоғырлануы және бақылау департаментінің директоры Ермағанбетов Жандос Мүбаракұлы және Қаржы нарықтары мен өзге де салалар департаментінің директоры Тұяқбаева Мира Асылбекқызы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен БҚДА Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы Ерғалиев Сағындық Ғұбайдуллұлы марапатталды
Сондай-ақ, орталық аппарат пен аумақтық департаменттердің 48 қызметкері Республика күніне орай БҚДА Төрағасы Марат Омаровтың алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз, жұмыстарына табыс, дендеріне саулық тілейміз!