ТАУАР НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ БҰЙРЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ТАУАР НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ БҰЙРЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Төрағасының бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14266751 немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/360737?lang=kk

Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекен-жайға қабылданады m.bisemaev@azrk.gov.kz