Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі монополияға қарсы органның хабарламасын орындады

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі монополияға қарсы органның хабарламасын орындады

        Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) жолаушылар тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау қорытындысы бойынша конкурс өткізбестен «Алый парус» ЖШС (тасымалдау тәжірибесі жоқ) 5 бағытын ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін қарады.     

         Осыған байланысты, 2022 жылғы 7 қыркүйекте Департамент Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің (бұдан әрі - Бөлім) атына Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы мемлекеттік органның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) тергеу жүргізбестен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды.

         Бұдан әрі, 2022 жылғы 30 қыркүйекте Бөлім департаменттің хабарламасында көрсетілген талаптарды орындады және бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға одан әрі жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады.