
Тауар биржаларының қызметін біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша келіп түскен Астана қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасының ұсынымын орындау шеңберінде Агенттік лицензиялау нормаларын бұзу және біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері бойынша «Эстау» Тауар биржасы» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Істерді қарау қорытындысы бойынша «Эстау» Тауар биржасы» АҚ жалпы сомасы 275 670 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда «Эстау» Тауар биржасы» АҚ-мен айыппұл сомасы толық көлемде төленді.