
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Энергоснаб ХХІ" ЖШС, "Қазсбытгрупп" ЖШС, "Гарант Энерго" ЖШС, "ЮгЭнергоимпульс" ЖШС-на (бұдан әрі-Серіктестік) қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізді.
Тергеу нәтижесінде аталған субъектілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдердің фактілері анықталды, олар оған адал бәсекелесудің орнына өзара уағдаластық қалыптастыра отырып, ойдан шығарылған бәсекелестік тудырған, сондай-ақ электр энергиясын сату бойынша келісілген шарттар белгілеген.
Департаменттің тергеп-тексеру материалдарының негізінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысы соттарының қаулысы шығарылды. Аталған нарық субъектілерінің барлығы ҚР ӘҚБтК 159-бабының 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оларға жалпы соммасы - 3 723 270 теңге айыппұл салынып, 15 443 000 теңге монополиялық кірістері тәркіленді.