БҚДА Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

БҚДА Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 4 қазанда онлайн режимде Ж.Д. Ертлесованың төрағалығымен БҚДА Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

БҚДА-ның қоғамдық кеңесі қоғаммен кері байланысты қамтамасыз ету үшін құрылған және Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» бастамасын іске асыруға бағытталған.

Отырысты БҚДА төрағасы М. Т. Омаров ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде азаматтық қоғамның пікірін білдіру алаңы ретінде Қоғамдық кеңес институтының маңыздылығын атап өтті.

Ж.Д. Ертлесова Қоғамдық кеңестің қызметін трансформациялау қажеттігін атап өтті, оның құрамындағы өзгерістерді қолдады және оның отырыстарының кестесін әзірлеуді тапсырды.

Жалпы, күн тәртібі шеңберінде Қоғамдық кеңестің құрамын өзектендіруге, заңнамалық түзетулердің VI пакетінің жобасына, бәсекелестіктің жай-күйінің талдамалық картасын жасауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларына және БҚДА-ның өзге де өзекті міндеттеріне қатысты мәселелер қаралды.

Отырыс барлық қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, конструктивтік диалог арқылы белсенді түрде өткізілді.

Отырыс нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берілді.