
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) бизнес өкілдерінің арасындағы бәсекелестікті қорғау мен дамыту мемлекеттік саясатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара отырып, қазақстандық тұтынушыларға қолжетімді цифрлық қызметтері бар кәсіпкерлермен кездесуге бастамашылық жасады. Кездесу Digital Bridge 2022 цифрлық технологиялар туралы халықаралық форум аясында өтті, онда сессия қатысушылары қазақстандық цифрлық нарықтарда бәсекелестікті дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шараға БҚДА Төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов, CEO Kolesa Group Николай Бабешкин, Choco холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов, Озон компаниясы бас директорының кеңесшісі Марина Амелина, Басқарушы директор Kaspi.kz Сабыржан Беркінбаев, Yandex GR қызметінің басшысы Максим Козлов. Сессияның модераторы "Цифрлық Қазақстан Қауымдастығы"ЗТБ төрағасының кеңесшісі Елена Бычкова қатысты.
Сессия барысында талқылау үшін мынадай өзекті мәселелер қойылды: жергілікті цифрлық нарықтарды дамытудың катализаторы неде, олар әлемдік немесе өңірлік ауқымда қаншалықты бәсекеге қабілетті, қазақстандық цифрлық сервистерді дамыту үшін қандай жағдайлар болуы тиіс. Қойылған мақсатқа жету үшін реттеушілер мен сектордың бірлескен іс-қимылдары қандай болуы тиіс.
Рустам Ахметов сессия жұмысын ашып, бәсекелестік деңгейі жоғары ортада жұмыс істейтін экономика салалары цифрлық бағытта жылдам дамып келе жатқанын атап өтті. Пандемиядан кейін Қазақстанның цифрлық нарығында түбегейлі өзгерістер болды, Ұялы байланыс желілер деңгейі артып, отандық нарыққа көптеген жаңа ойыншылар келді, бірақ цифрлық нарықтың монополиялануын тоқтату үшін жеткіліксіз. Бұл алаңда әлі де сандық алыптар, бірдей іздеу жүйелері, әлеуметтік желілер, түрлі нарықтар бар.
"Қазақстан, дүниежүзіндегі көптеген елдер сияқты, ерекше міндетке тап болып отыр: бір жағынан, экономиканы цифрландыру қарқынын жеделдету, ал екінші жағынан - ірі цифрлық алыптардың нарықты монополиялауына жол бермеу қажет", - деп атап өтті Рустам Ахметов.
Телекоммуникациялар саласындағы нарыққа кіру кедергілерінің санын қысқарту және мемлекет тарапынан шектен тыс реттеуді азайту үшін БҚДА жанында телекоммуникациялар саласындағы бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі Кеңес құрылды. Қазіргі уақытта бензинмен, битуммен, авиакеросинмен және дизель отынымен биржалық сауда белсенді дамуда, ТКШ саласында қызмет көрсетушілерді онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, дәл қазір бәсекелестік жағдайының Талдамалық порталын құру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл белгілі бір нарықтарды монополияландыру тәуекелін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Цифрлық саланы дамыту-экономиканы дамытудың табиғи процесі және бүкіл әлем бойынша реттеушілер бәсекелестікті қорғау саласында орасан зор тәжірибеге ие бола отырып, бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін цифрлық салада жаңа тәуекелдерге ден қоюдың жаңа тетіктерін әзірлеуде.
"Диалог-ортақ мақсатқа жетудің маңызды құралы және біздің бизнеспен мақсатымыз бір – ол Қазақстанның тұрақты экономикасы. Біз Цифрлық бизнеспен сындарлы және диалогқа ашықпыз және сіздерді бәсекелестікті дамытуға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз" – деп толықтырды Рустам Ахметов.
Сондай-ақ, Цифрлық Қазақстан қауымдастығының басшысы Николай Бабешкин электрондық коммерция нарығының жалпы жай-күйі туралы айта отырып, қазақстандық цифрлық компаниялардың бәсекелестікті дамытудағы рөлі туралы сөз қозғады: "Классифайдтар да шағын орта бизнес пен микробизнестің көптеген субъектілеріне қолжетімді мүмкіндіктер ұсына отырып, маркетплейстермен қатар елдегі бәсекелестіктің дамуына оң ықпал ететінін атап өткен жөн. Көптеген адамдар үшін жарнамалық сайттарда тауарларды сату қосымша табыс көзіне айналады, ал біреу үшін-жалғыз немесе негізгі нәпақа. Мысалы, kolesa.kz, krisha.kz және market.kz мұндай өкіл саны - 118 000. Ал сатып алушы үшін тауарды арзанырақ және делдалсыз алу мүмкіндігі бар, бұл инфляцияның өсуін тежеп, елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне оң әсер етеді.»
Электрондық коммерция мен цифрлық нарықтарды дамытудың негізгі катализаторы бірнеше факторлардың жиынтығына тұрады: интернеттің қолжетімділігі, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың цифрлық сервистерді пайдалануға дайындығы. Сабыржан Беркінбаев қазақстандық e-commerce дамуының қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейіне тәуелділігін бағалай отырып, "Қазақстандық электрондық коммерция нарығы даму және өсу сатысында. Ол әзірше толық емес және оның кез келген тауашасында кез келген деңгейдегі компанияларды дамыту үшін әлеует бар. Мәселе-тек клиенттер таңдайтын, қызығатын сервистерді дамыту, инвестициялау және құру ісінде".
Сессияда тағы бір талқыланған тақырып - Цифрлық нарықтарды құқықтық реттеу мәселелері. Қазақстанда құқық қолдану және реттеу практикасы әлі қалыптаспағандықтан, сессияға әртүрлі деңгейлерде осындай мәселелерді талқылауға бірнеше рет қатысқан ресейлік әріптестер шақырылды. Спикерлер платформалық экономиканың ерекшеліктері, бизнес-модельдердің алуан түрлілігі және реттеудің оңтайлы қажетті көлемі тақырыптарында пікір алмасты.
Марина Амелина ірі инвестициялық компанияны таныстыра отырып, инвесторлар үшін реттеуші ортаның маңыздылығына қатысты мынадай қорытынды жасады: "Реттеуші орта – кез келген елдің инвестициялық климатының маңызды элементі. IT-нарықтар инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту есебінен жиі дамып келеді, сондықтан инвесторға оларды таңдаудың дұрыстығына, оның ішінде ашық және тұрақты реттеу есебінен сенімді болуға мүмкіндік жасау өте маңызды".
ЦҚҚ Төрағасының кеңесшісі Елена Бычкова сессияны қорытындылай келе, "Қазақстандық цифрлық компаниялар клиенттерге ұсынылатын сервистердің сан алуандығы бойынша да, олардың жоғары сапасы бойынша да жеткілікті дәрежеде бәсекеге қабілетті және қолайлы жағдайларда әлемдік тенденциялардан қалыс қалмай дамитын болады. Бұл ретте, реттеуші ахуал технологиялар мен инновацияларды дамыту үшін бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Қазақстандық цифрлық секторды дамыту және оған шетелдік инвестицияларды тартуды Мемлекет басшысы экономикалық дамудың маңызды бағыты ретінде белгіленген. Мұндай міндетті іске асырушы бизнестің өзіне де, мемлекеттік реттеушілердің жәрдеміне де және дұрыс тәсілдеріне де тең дәрежеде байланысты болады", деді.