
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-на қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармағын бұзу, атап айтқанда 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілері бойынша авиа жанар жағар майға монополиялық жоғары баға белгілеу анықталды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
02.09.2022 жылғы Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 (отыз бір миллион бір жүз төрт мың тоғыз жүз он екі) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
26.09.2022 ж. «Сарыарқа» әуежайы мемлекет кірісіне монополиялық табыс бойынша 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде айыппұл төледі.