
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен жүргізілген тергеп-тексерулер қорытындысы бойынша «Казсбытгрупп» ЖШС, «Гарант Энерго» ЖШС, ЮгЭнергоимпульс» ЖШС-не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, әкімшілік іс сотқа жолданды.
Түркістан облысы Ордабасы және Арыс аудандық соттарының қаулысымен аталған нарық субъектілері Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзуышылық туралы» Кодексінің 159-бабы 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, «ЮГЭНЕРГОИМПУЛЬС» ЖШС – 1 503 060 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 6 095 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленді. «Казсбытгрупп» ЖШС – 940 680 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 4 068 000 теңге көлемінде монополиялық табысы тәркіленді. «Гарант Энерго» ЖШС – 1 043 730 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 4 189 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленді.