
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - БҚДА) мұнай коксы нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Оның нәтижелері бойынша 2021 жылы 83,6% және 2022 жылы 85,5% үлестері бар мұнай коксын сатып алушы ретінде «УПНК-ПВ» ЖШС (бұдан әрі -Серіктестік) үстем жағдайға ие болды.
БҚДА Павлодар облысы бойынша департаменті ұсынылған материалдарға Серіктестіктің іс-әрекетінде монополиялық төмен бағаларды белгiлеу және ұстап тұруға тыйым салу туралы ҚР КК 174-бабының 1) тармақшасын бұзу белгілерінің болу мәнін талдады.
Бір жағдайда сатып алу бағасы East Trade Solutions» ЖШС) мұнай коксын өндіруге жұмсалатын шығыстармен бірдей мөлшерде болғаны анықталды.«Arion Trade» ЖШС и «КОР» ҰК» АҚ берушілердің жағдайында Серіктестіктің мұнай коксын сатып алу сомасы тауар өндіру шығыстарынан төмен болды. Осылайша, Серіктестіктің монопсониялық төмен бағаларды белгілеуі анықталды.
Осыған байланысты, Департамент Серіктестікке қатысты монопсониялық төмен бағаны белгілеу фактілерінің болуы/болмауы мәніне тергеп-тексеру бастады.