"Дина" ЖШС Сауда-өндірістік компаниясына" қатысты тергеу аяқталды

"Дина" ЖШС Сауда-өндірістік компаниясына" қатысты тергеу аяқталды

         «Дина» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-не қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға жүргізілген тергеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті Кәсіпкерлік Кодекстің 174-бабының    2-тармақшасымен тыйым салынған азық-түлік тауарларын сату үшін сауда орындарын (алаңдарды) жалға беру бойынша бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды және әртүрлі шарттарды қолдану белгілерін анықтады.

         Осыған байланысты, ЖШС-не шарттың мәні мен талаптарын бірдей  етіп, жалға алушылардың құқықтарын шектемей және олардың жағдайының нашарлауына жол бермей отырып, азық-түлік тауарларын сату үшін 1м² сауда орындарын (алаңдарды) жалға алудың бірыңғай бағасын белгілеу арқылы, бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуын жою туралы хабарлама шығарылды

         Департаменттің жоғарыда көрсетілген хабарламасын ЖШС орындап - 20% - ға төмендету арқылы азық - түлік тауарларын сату үшін сауда орындарын (алаңдарды) жалға алудың 1 ш/м үшін бірыңғай бағаны белгіледі