
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы департамент Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) атына нарықтың жекелеген субъектілеріне бәсекелестерінің алдында ыңғайлы жағдай жасап, жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру бөлігінде бәсекелестік заңнаманы бұзушылық белгілерін жою және (немесе) болдырмау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жіберген болатын
Басқарма облыс аудандарының ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларымен бірлесіп мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізу бойынша операторларды анықтау кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңес нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның хабарламасының мазмұны назарға алынды, ал облыстағы ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына әрбір әкімшілік ауданның шекарасында арзандатылған дизель отынынын тиісті операторларға тең шамада бөлу тапсырылды.
Хабарлама толық көлемде орындалды.