Мемлекеттік сатып алуларда картельдік белгілер анықталды

Мемлекеттік сатып алуларда картельдік белгілер анықталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік сатып алуды мониторинг жасау барысында картельдік белгілері, яғни субъектілермен мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде бәсекелестікке қарсы келісім белгілері анықталды.

Тергеп тексеру қорытындысымен жинақталған материалдар сот органдарына жолданып, Шымкент қаласы мамандырылған ауданаралық әкімшілік істер бойынша сотымен әкімшілік айыппұлдар салу жөнінде шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда:

         «Фарм Люкс KZ» ЖШС мен «Юниверсал Бизнес групп» ЖШС арасында картельдік белгілері         бойынша 307 708,8 теңге айыппұл және 1 335 278 теңге мөлшерінде монополиялық кіріс;

      «Alim Tech» ЖШС мен «Линдэ групп» ЖШС-і арасындағы картельдік келісімдер бойынша 599 302 теңге айыппұл және 1 897 245 теңге монополиялық кіріс;

      «АДТ Сервис» ЖШС мен «Қуат құрылыс» ЖШС-і арасындағы картельдік келісімдер бойынша 5 791 632 теңге айыппұл және 11 771 108 теңге монополиялық кіріс;

     «Сулейман 2030» ЖШС-і мен «Жоғарғы санат құрылыс» ЖШС арасындағы картелдік келісімдер бойынша 3 163 440 теңге айыппұл және 1 074 133 теңге монополиялық кіріс тәркіленді.

    Департаментпен, аталған субъектілерге бәсекелестікті қорғау саласында заңнама бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында нұсқама шығарылды.