
Қазақстан экономикасында мемлекеттің қатысуын біртіндеп қысқарту процесі Сингапур, АҚШ, Люксембург, Норвегия тәжірибесі мысалында 2014 жылы іске қосылды. Бұл "Yellow Pages Rules" деп аталатын қағидаттар аясындағыдай жеке бастамаға ниетті экономиканың секторларына мемлекеттің қатысуын шектеуге бағытталған бастама.
Мәселен, ағымдағы жылдың шілдесінде "Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" 28.12.2015 жылғы №1095 қаулыға 50% - дан астамы өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 510 қаулысы).
Осы жылғы Үкіметтің Қаулысы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын қызметтің 45 түрін қолданыстағы тізбеден алып тастау көзделеді. Жойылатын салаларға - өнеркәсіп, құрылыс, қаржы, консалтингтік қызметтер, тасымалдау және басқа қызмет түрлері енген. Осылайша, бұрын рұқсат етілген 410 қызмет түрінің бүгінгі күні квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін 365-і рұқсат етіледі.
Бұл квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы салаларда қызмет жүргізуге тыйым салынатынын білдіреді, демек, жеке кәсіпкерлерге осы нарықтарда мемлекетпен бәсекелеспей, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік алады. Алып тасталған қызмет түрлерінің толық тізімі қоса беріледі.
Басқаша айтқанда, енді монополияға қарсы орган мемлекеттік кәсіпорындардың өтініштерін қарау кезінде экономиканың мемлекеттік секторынан алып тасталған салаларына кіру әрекеттерін бұғаттайтын болады.
Қызмет түрлерінің тізбесін 11% - ға қысқарту да бәсекелестікті дамытуға және тиісті тауар нарықтарында жеке кәсіпкерлікті ынталандыруға кезекті қадам ретінде жасалды.
Бұдан басқа, Агенттіктің жаңа өкілеттіктерін ескере отырып, квазимемлекеттік сектордың жұмыс істеп тұрған субъектілері олардың қызмет түрлерінің тізбеге және бұрын берілген келісулерге сәйкестігі тұрғысынан мониторингке жасай алады.