БҚДА өкілдері Халықаралық кеңеске қатысты

БҚДА өкілдері Халықаралық кеңеске қатысты

МСМК отырысы және монополияға қарсы ведомстволар басшыларының кеңесі "5+1"форматында өтті

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) өкілдері Қазақстандағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы негізгі оқиғалар туралы ақпарат ұсынды.

2022 жылғы 6-7 қыркүйекте Минск қаласында (Беларусь) бірқатар маңызды іс – шаралар-Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының, Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшелерінің (Министрдің) «5+1» форматында кеңесі өтті. Сондай-ақ Беларусь Республикасының монополияға қарсы қызметінің 30 жылдығын орай Халықаралық конференция да өтті. Оның аясында монополияға қарсы саясат жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (IUCN) отырысы ұйымдыстырылды.

Жиынға Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан монополияға қарсы ведомстволарының басшылары, ЕЭК, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Аталған отырыстардағы негізгі тақырыптар-ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі ең елеулі оқиғалар, цифрлық дәуірдегі бәсекелестікті дамыту, Ресей Федерациясында параллель импортты қолдану, экономиканы дамытудың қазіргі жағдайында монополияға қарсы және бағаны реттеу құралдары.

Сондай-ақ, ЕАЭО монополияға қарсы ведомстволарының өкілдері елдердің заңнамаларындағы бәсекелестікті қорғау және дамыту бөлігіндегі соңғы өзгерістермен бөлісті.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың жұмысына ҚР БҚДА төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов және Агенттіктің экономикалық интеграция басқармасының басшысы Аида Баймақанова қатысты. БҚДА өкілдері мемлекетік орган қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы ақпарат ұсынып, жақын арадағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, Рустам Ахметов монополиялық тауар нарықтарын кешенді талдау бойынша жүргізілген жұмыс, бәсекелестік бойынша енгізілген заңнамалық бастамалар, оның ішінде Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаны бекіту туралы ақпаратты ұсынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті кешенді дамыту мен алдағы жоспарларын айтты.

 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – агенттік) -  Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.