
Сарыарқа» ӘКК» АҚ қызметін талдау шеңберінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаменті «Сарыарка» ӘКК құрылтайшысы – «Қарағанды облысының өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-нің атына ӘКК-нің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға сараптама жүргізу жөніндегі қызметін тоқтату туралы нұсқама енгізіп, осы функцияны бәсекелес ортаға беру туралы мәселені қарастыруды нұсқады.
Еске сала кетсек, ӘКК жарғысына сәйкес, корпорация холдинг компанияларының қызметімен айналысады, мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру және т. б. арқылы Қарағанды облысының экономикалық дамуына жәрдемдеседі.
Осылайша, МЖӘ жобаларының бизнес-жоспарларына сараптама жүргізу жөніндегі қызмет «Сарыарқа» ӘКК қызметінің негізгі түріне жатпайды. Осының салдарынан Кәсіпкерлік кодекстің мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу шектері бөлігіндегі жағдайы сақталмайды.
Анықталған фактілер негізінде, Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаментімен ӘКК-нің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға сараптама жүргізу жөніндегі қызметін тоқтату туралы нұсқама енгізіп, осы функцияны бәсекелес ортаға беру туралы мәселені қарастыру туралы нұсқама енгізілді.
Бүгінгі күні Департаменттің жоғарыда сөз болған бұзушылықтарды жою және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жасау туралы нұсқамасы Қарағанды облысының әкімдігімен толық көлемде орындалды.