БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, 2022 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) өткен 8 айдағы қызметінің қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Оған ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, "Атамекен" ҚР ҰКП, БҚДА жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің, "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ, "Монополияға қарсы сарапшылар Альянсы" ЖҚБ,  БҚДА құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларының және т. б. өкілдері қатысты.

Алқа отырысының ашылуында сөз сөйлеген БҚДА Төрағасы Марат Омаров былай деді:

"Біздің кездесуіміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауынан кейін бірден өтуінің  мәні бар. Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағытының басымдықтарының бірі ретінде баршаға тең мүмкіндік беретін бәсекелестікті дамытуды атап өтті. Біз өз тарапымыздан сарапшылармен, бизнес өкілдерімен, жұртшылықпен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, алға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша  тиімді шешімдер әзірлейміз".

Отырыс барысында алқа қатысушыларына БҚДА-ның биылғы сегіз айындағы қызметінің қорытындылары мен алдағы жоспарлары таныстырылды. Атап айтқанда, Агенттік қызметін цифрландыруға, дамытуға көп көңіл бөлінеді, бұл нарықтардан ақпаратты қолмен жинау және өңдеу практикасынан алшақтауға мүмкіндік береді. Сондай - ақ, БҚДА көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру да жоспарда бар. Әлемдік монополияға қарсы ұйымдардың жұмыс тәжірибесі бойынша, сондай-ақ, Агенттіктің тауар нарықтарын зерттеу нәтижелеріне дербес және тәуелсіз талдау жүргізу үшін бас экономист кеңсесі енгізілді. Сондай-ақ, отырыста монополистерге қатысты құпиялылық саясатын өзгерту және экономикалық трекерлер жүйесі үшін олардың деректеріне қол жеткізу, тауар белгілерін талдауды жетілдіру, нарықтық конгломераттарды айқындау жайы және басқа да мәселелер талқыланды.

Сарапшылар қауымдастығының өкілдері бәсекелестікті дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Алқа отырысы Нұр-Сұлтан қаласының М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде өтті. Айта кетейік, биыл наурыз айында аталмыш оқу орнында "Бәсекелестік құқық" мамандығы бойынша магистратура ашылып, сондай-ақ "Бәсекелестік құқық және Қазақстан Республикасының саясаты" оқу құралының тұсаукесері өткен еді. "Бәсекелестік құқығы" атты магистратурасын әзірлеу мен аталмыш пәнді білім беру бағдарламаларының тізіміне енгізу Президенттің "Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы" Жарлығында көрсетілген.