БҚДА ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

БҚДА ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

ҚР Бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігі ҚР Конституциясы күнін атап өтті. Мерекелік жиын Әнұран орындалуымен басталып, сонан соң сөз алған Агенттік Төрағасы Марат Омаров 30 тамызда қазақстандықтар атап өтетін маңызды мерекемен ұжымды құттықтады.

«Баршаңызды келе жатқан мемлекеттік мейрам – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция күні қазақстандықтар үшін маңызды мереке. Себебі, еліміздегі барлық маңызды қадамдар Конституция негізінде жасалып, Қазақстан қысқа мерзім ішінде әлем қауымдастығы алдында нақты орын алды. Сондықтан, әрқайсымыз Тәуелсіз мемлекетіміздің  шаңырағын биікке көтеру үшін Ата заңымызды құрметтегені жөн дегім келеді. Әрқайсыңызға және отбастарыңызға зор денсаулық,  мол бақыт пен құт-береке тілеймін», - деді Марат Омаров.

Жиын барысында ҚР Бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттік қатарына жаңадан қосылған қызметкерлер ант берді. Сондай-ақ жақында ғана мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спартакиадаға қатысып, жоғары деңгейде нәтиже көрсеткен мамандар Төраға қолынан алғыс хатқа ие болды.