МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ ҚАЛА ӘКІМДІГІ, ӘКК МЕН ТАСЫМАЛДАУШЫ АРАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІМДЕР БАР ЕКЕНІН АНЫҚТАДЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ ҚАЛА ӘКІМДІГІ, ӘКК МЕН ТАСЫМАЛДАУШЫ АРАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІМДЕР БАР ЕКЕНІН АНЫҚТАДЫ

Маңғыстау облысының монополияға қарсы органы Ақтау қаласының әкімдігі, «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» (әрі қарай-ӘКК) АҚ, тасымалдаушы мен «Каспий авто парк» ЖШС арасында бәсекелестікке қарсы келісімдер бар екені анықталды. «Ақтау қаласының автобус паркін жаңарту» жобасын іске асыру үшін ӘКК тасымалдаушылар арасында бөлінуі тиіс 18 автобус сатып алуды жоспарлаған.

Алайда, әкімдік пен ӘКК-мен бұл автобустарды қабылдаудан 15 күн ғана бұрын заңды тұлға ретінде тіркеліп, көлік құралдарын «Каспий авто парк» ЖШС-не берілген. Сонымен қатар, қала әкімдігі «Каспий Авто Парк» ЖШС иелігінде автобустар болмаса да, бір күн ішінде ЖШС-ға маршруттарға қызмет көрсетуге уақытша рұқсат да тыбыстаған.

Сондай-ақ, кәсіпкер қала әкімдігінен субсидия түрінде мемлекеттік қолдау ала отырып, автобустар сатып алынған лизингтік төлемдерді жасамаған, осыған байланысты ӘКК алдында айтарлықтай берешек пайда болса да, әлеуметтік маңызы бар маршруттарға қызмет көрсетуді жалғастырған. Бұл ретте, лизинг беруші ӘКК тарапынан тиісті шаралар қолға алынбай, шығынға батып, лизинг алушының қарызын төлеп отырған (лизинг алушы міндеттемелерді бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) шартты бұзу жөніндегі өзге де шараларды төлейді).

Осылайша, Ақтау қаласының әкімдігі мен «Каспий» «ӘКК» АҚ тарапынан осы салада 20 жылға дейін тәжірибесі бар басқа да әлеуетті тасымалдаушылардың құқықтары шектеліп, сол арқылы нарықтағы бәсекелестік шектелген.

Осының негізінде монополияға қарсы ведомство қала әкімдігінің, ӘКК мен ЖШС-нің атына хабарлама түрінде ден қою актілерін енгізді, олардың орындалуы 30 күнді көздейді. Монополияға қарсы органның талаптары назардан тыс қалған жағдайда, тергеп-тексеруді тағайындау туралы шешім қабылданатын болады. Лауазымды адамдар тарапынан қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері орын алған жағдайда материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданатын болады.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдар арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келетін немесе алып келуі мүмкiн болса, тыйым салынады.