
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жергілікті атқарушы органның әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) жолдады.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ (бұдан әрі - Басқарма) нарық субъектілеріне арзандатылған дизель отынына тең қолжетімділікті қамтамасыз етпей, нарықтың жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беріп, оларға бәсекелестер алдында ыңғайлы жағдай жасауда.
Хабарламаға сәйкес, жекелеген нарық субъектілеріне бәсекелестерінің алдында артықшылық пен жеңілдіктер бермеу жайын жою шараларын қабылдауы қажет. Сондай-ақ арзандатылған дизель отыны операторларының санаттарын айқындау мәселесі бойынша ұсыныстар енгізсін және нарық субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз етсін.
Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс.
Хабарламаны орындамау, немесе толық көлемде орындамау, Департамент белгілеген орындау мерзімдерін бұзу тергеп-тексеру тағайындалады.