2022 жылдың 25 тамызында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті.
Тараптар телекоммуникация секторында Дүниежүзілік банктің қарызы бойынша Қазақстанда реформаларды іске асыру, радиожиіліктерді сату кезінде аукциондық тетіктерді енгізу мәселелерін талқылады.
Дүниежүзілік банк өкілі Қазақстан үшін жобаларды одан әрі кеңес беріп, техникалық сүйемелдеу, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамыту жөніндегі Агенттіктің болашақ бастамаларын қолдауда дайындығын білдірді.
БҚДА Төрағасы Марат Омаров жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, Агенттіктің жұмысы Қазақстандағы жеке секторды дамытуға және қолдауға бағытталатынын атап өтті.