«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ» ММ АТЫНА ХАБАРЛАМА ШЫҒАРЫЛДЫ

«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ» ММ  АТЫНА ХАБАРЛАМА ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жолаушылар тасымалы нарығындағы бәсекелестік пен субсидиялау жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады.

Бәсекелестік жағдайына талдау жүргізу барысында Департамент «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі тасымалдаушылары арасында субсидияларды біркелкі бөлмегенін анықтады.

Атап айтқанда, тасымалдаушылардың шығындарын өтеу пайызы арасындағы айырмашылық 15-тен 50% - ға дейін болған. Сондай-ақ, кейбір субъектілерге шығын көлемі аз болса да, үлкен көлемде субсидияға қол жеткізіп келген.

Осылайша, «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің іс-әрекеттерінде тасымалдаушылар арасында субсидияларды біркелкі бөлу ісінде мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері анықталды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес ММ атына әрекеттерде (әрекетсіздік) ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.