ТКШ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТКІЗУШІНІ ОНЛАЙН АУЫСТЫРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБАҒА ЕЛОРДАНЫҢ 40 - ТАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ҚАТЫСУДА

ТКШ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТКІЗУШІНІ ОНЛАЙН АУЫСТЫРУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБАҒА ЕЛОРДАНЫҢ 40 - ТАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ҚАТЫСУДА

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жеткізушілерді онлайн ауыстырудың пилоттық жобасы 40-тан астам тұрғын үй кешенін қамтыды.

Естеріңізге сала кетейік, жоба бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі және Әділет министрліктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.  Жобаны іске асыру үшін арнайы Smart Bridge платформасында (иә/жоқ) тұрғын үй иесін сәйкестендіру сервисі әзірленген және орналастырылған . Сервис цифрлық платформаларға көппәтерлі тұрғын үй мекенжайының тіркеу коды және жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН бойынша электрондық дауыс беру процесінде меншік иесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаға қатысушы, "Е-KNOT" цифрлық платформасы директорының орынбасары Виталий Пустовойтенконың айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда пилоттық жобаға 11 мыңнан артық тұрғыны бар 40-тан астам тұрғын үй кешені қатысты. Олардың 3-і бейнебақылау қызметтерін жеткізушілерді алмастырды, қалған 38 – і үй кеңесін, МИБ төрағаларын қайта сайлады және Әділет министрлігінде тіркеуді бастады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Нұр - Сұлтанда 2 тұрғын үй кешені - "Халықаралық сауда орталығы" және "Сәлем" - ПИК-тен МИБ-ке көшудің толық рәсімін аяқтады. "Салем" ТК онлайн-сервисінің арқасында небәрі 5 күн ішінде онлайн дауыс беруде қажетті дауыс санын жинады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жеткізушілерді онлайн ауыстырудың пилоттық жобасы өңірлерді де қызықтырды. Жақын арада бастамаға бес қаланың қосылуы күтілуде.

Бұған дейін хабарланғандай, пилоттық жобаға "Е-KNOT", "AULA", "IQamal", "Osi.kz", "Pater Services". Жобаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі, жобаға барлық тілек білдірушілер қосыла алады. Қазіргі уақытта басқа цифрлық платформалар "Иә/Жоқ"ақпараттық сервисімен интеграциялау жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан басқа, "iQamal" ТКШ кәсіпкерлері қауымдастығы Нұр-Сұлтан бойынша қызмет көрсетушілер тізімін қалыптастырды. Ақпарат жобаға қатысушылардың интернет-ресурстарында қолжетімді. Электронды жүйе арқылы дауыс беру кезінде цифрлық платформалар тізімді пайдалана алады. Жобаға қосылған цифрлық платформалардың санына байланысты тұрғын үйлердің саны өзгеруі мүмкін. Жоба шамамен 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.