АГЕНТТІКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ.

АГЕНТТІКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ.

Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық Департаменттерінің басшылары, қызметкерлеріне 19 тамызда ZOOM бейне конференция байланысы арқылы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы, Түркістан облыстық прокуратурасы қызметкерлері құқықтық оқыту өткізді. Оның аясында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі және Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің нормаларын түсіндірілді.


Сонымен қатар, Прокуратура өкілдері «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің негізгі қағидаттары» тақырыбында қосымша баяндама жасады.


Құқықтық оқыту Агенттіктің мамандарды басқару Стратегиясына сай, жаңадан қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын көтеру аясында әр апта сайын, жұма күндері өткізілуде.