
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне телефон байланысы қызметін көрсететін компанияның тарифтерінің көтерілуіне қатысты мемлекеттік кәсіпорыннан өтініш келіп түсті.
Осы өтінішті қарау аясында Департамент осы қызмет көрсетушіден ақпарат сұрады. Ақпарат толық көлемде берілмеді.
Аталған факті бойынша монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Департаменттің қаулысымен аталған компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 306 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұл шешімге құқық бұзушы келіспец, сотқп шағымданды. Алайда, сот монополияға қарсы органның әрекеттері заңды деп танып, шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.