
Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы органмен «Әлем Құрылыс ltd» ЖШС-нің өтінішінің негізінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының атына, оның әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 174-бабында көзделген бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарылды. Кодекстің 174-бабына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) тыйым салынады.
Маңғыстау облысы шекарасындағы тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметінің нарығына талдауды, өтінішті қарау барысында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ «Әлем Құрылыс ltd» ЖШС-ның өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы ретінде талап қоя отырып, заңды құқықтарына қысым жасайтындығы анықталды.
«Әлем Құрылыс ltd» ЖШС одан әрі іске асыру мақсатынсыз коммуналдық – тұрмыстық қажеттіліктер үшін тауарлық газ сатып алады. Қазіргі уақытта хабарлама шарттан нарық субъектілерінің құқықтарына қысым жасайтын тармақшаларды алып тастау жолымен белгіленген мерзімде орындалды.