Жосықсыз бәсекелестікті жою туралы хабарлама шығарылды

Жосықсыз бәсекелестікті жою туралы хабарлама шығарылды

Комитеттің Атырау облысы бойынша Департаментімен «GENCO SUPPLY» ЖШС-не («Baby Life» дүкені) жозықсыз бәсекелестікті, яғни нарық субъектісін беделін түсіру бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылды. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 177-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жосықсыз бәсекелестікті, оның ішінде нарық субъектісін беделін түсіруге тыйым салынады.
Кодекстің 181 бабына сәйкес нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, анық емес мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.
Хабарлама белгіленген мерзімде орындалуға жатады.

Толығырақ мақаламен http://kzrk.gov.kz/kaz/menu1/press-centr/novosti/… сайтында таныса аласыз.