Нұр-сұлтан қаласының такси тасымалдаушылары нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-сұлтан қаласының такси тасымалдаушылары нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Нұр-сұлтан» қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы желтоқсандағы қаулысымен такси тасымалдаушылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және жалпы сомасы 10 735 498 теңге болатын айыппұл түрінде 13 033 375 теңге көлемінде монополиялық табысы тәркіленіп әкімшілік жазаға тартылды.
Бұрын такси тасымалдаушыларына қатысты «Taxi Zhebe» ЖШС, «Vector Ast, Partners» ЖШС, «Арна-Медиа» ЖШС, «Astana Taxi Drivers» ЖШС, «Аруна Транс» ЖШС, «Compass Energy» ЖШС, «ҚР «Кенгуру» Жолаушы тасымалдау» ЖШС, «Taxi ALTYN» ЖШС, «SB Group Astana» ЖШС, «King Way» ЖШС бағаларды (тарифтерді) белгілеу немесе ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісім белгілерін анықтау үшін тергеп-тексеру жүргізілді.