
Ұялы байланыс операторларының алынған қызметтердің құны жинақталатын уақыт кезеңін азайту жөніндегі іс-әрекеттері тұтынушылардың шектелмеген шеңберінің құқықтарын бұзу жолымен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін қамтиды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының талаптарына сәйкес байланыс операторларына олардың әрекеттерінде бәсекелестік заңнаманың бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберілген.
Хабарламаны орындамау тергеп-тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.