«Жаңа Жылдық ертеңгілік» қайырымдылық акциясы

«Жаңа Жылдық ертеңгілік» қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл қарсаңында, ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің ұжымы 10 жалғыз басты аналар мен олардың 18 балаларына арналған Аналар үйінде «Жаңа жылдық ертеңгілік» қайырымдылық акциясын өткізді.
Жаңа жыл-бұл ерекше, көптен күткен мереке.Жаңа жыл қарсаңында жақсы іс жасау-бұл балалардың асыл армандарын орындау.

Аналар үйі-қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге (үйсіз аналарға) арналған дағдарыс орталығы. Бұл үй «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының жанында ұйымдастырылған, Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалар санын азайту мақсатында ұйымдастырылған.
Бұл күні Комитет ұжымы Аяз Ата мен Ақшақардың және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен анимациялық бағдарлама өткізуді ұйымдастырды, олар балаларға ғажайып көрініс берді, сондай-ақ ойыншықтар, түрлі-түсті қарындаштар, сурет салуға арналған альбомдар, конструкторлар және т. б. табыстады.
Суретші-декораторлар балаларға таңдаған батырларға көңіл бөліп, мерекені (жаңа жылдық аквагрим) көңілді өткізуге көмектесіп, бейнелерді кәсіби түрде жасады.