ШЫМКЕНТТЕ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ОПЕРАТОРДЫ ТАҢДАУ КЕЗІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕНІ ҮШІН ХАБАРЛАМА ШЫҒАРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ОПЕРАТОРДЫ ТАҢДАУ КЕЗІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕНІ ҮШІН ХАБАРЛАМА ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау үшін Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының қызметін зерттеді.

Өңірлік операторды анықтау жұмысын әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасы, Атамекен ҰКП мен «Бірлік жанар-жағар май» қауымдастық өкілдері кіретін комиссия жүргізді.  Комиссия шешімі Ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрығымен ресімделеді.

Күзгі дала жұмыстары кезінде өңірлік операторлар ретінде әкімдік Ауыл шаруашылығы басқармасы бұйрығымен «Шахат Инвест» ЖШС және «Иксан групп» ЖШС бекітілді. Бірақ аталған кәсіпкерлерді өңірлік операторлар ретінде таңдаудың нақты себептері болмаған. Сонымен қатар, Департамент «Шахат Инвест» ЖШС және «Иксан групп» ЖШС үлестестік белгілері бар және бір нарық субъектісі екендігін анықтады. Бұл олардың арасындағы бәсекелестік күресті жол бермей, ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан операторларды  таңдаған болуы мүмкін.

Шымкент қаласы бойынша Монополияға қарсы департамент «Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылуын тоқтату қажеттігі туралы, «Шахат Инвест» ЖШС мен «Иксан групп» ЖШС қойылатын талаптарға сәйкестігі мәселесін мұқият қарап, сондай-ақ өзара үлестестігіне байланысты өңірлік оператор мәртебесінен айыру мәселесін қарау бойынша Хабарлама шығарды.

«Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды жасамау туралы міндеттемелер қабылдау арқылы Хабарламаны орындады. Департамент тұрақты негізде операторлық мәселесін мониторинг жасайтын болады. Егер 1 жыл ішінде қайта бұзушылық болса, тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалады.