
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Комитеттің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Департаментімен Өскемен және Семей қалаларының 7 ірі супермаркеттері мекен-жайына азық-тауарларын өткізу кезінде олардың іс-әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.
Одан басқа, ағымдағы жылдың 22 қарашасында Департаментпен Семей қаласының 2 тауық етін өндірушілеріне қатысты олардың іс-әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.
Бүгінгі таңда 4 супермаркет және Семей қаласындағы 2 тауық етін өндірушілер хабарламаларды орындады.