
Комитеттің Жамбыл облысы бойынша Департаментімен бірінші сұрыпты бидай ұнынан (пішінді) жасалған нанды өндіруді және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің атына: «Мустафаев», «Көпбаев», «Валиахад», «Асатов», «Андаспай», «Асланов» және «Рамазан» жеке кәсіпкерлеріне ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында қарастырылған, олардың әрекеттерінде ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама шығарылды.
Департаменттің хабарламаларына ұсынылған жауаптарына сәйкес, жоғарыда көрсетілген нарық субъектілері бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер бойынша бірінші сұрыпты бидай ұнынан (пішінді) жасалған нан бағасын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде, бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын тоқтатты.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген нарық субъектілері Шу ауданы бойынша бірінші сұрыпты бидай ұнынан (пішінді) жасалған нанның өзіндік құнын 5-10 теңгеге дейін төмендетті.