
Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) СҚО-да 1 санатты тауық жұмыртқасын өндірушілердің атына олардың әрекеттерінде тауық жұмыртқасына бағаны белгілеу және (немесе) ұстап тұру белгілерінің бар екендігі туралы 4 хабарламалар шығарылды.
Хабарлама шығаруға Солтүстік Қазақстан қоғамдық бірлестігінің «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы» өтініші себеп болды, оны қарау барысында Департаментпен тауық жұмыртқасын өндірушілердің әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабының 1-тармағы 1) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.