
Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы органмен Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінің, Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің деректері негізінде азық-түлік өнімдерін бөлшек сауда да өткізушілердің «Алтындар» ЖШС және «Едаменко» ЖК атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген, азық-түлік өнімдеріне бағаны белгілеу және (немесе) ұстап тұру белгілерінің іс-әрекеттерінде бар екендігі туралы хабарлама жолданды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға қатысты тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
Қазіргі уақытта барлық хабарламалар орындалды.