Комитетте ҚР «Медтроник БИ.ВИ.» өкілдігінің өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

Комитетте ҚР «Медтроник БИ.ВИ.» өкілдігінің өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

2019 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінде (бұдан әрі - Комитет) Комитет төрағасы Рустам Ахметовтің басшылығымен келісу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) отырысы өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасындағы «Медтроник БИ.ВИ.» өкілдігіне қатысты тауар нарығын бөлу бөлігінде нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіру белгілері бойынша тергеп-тексеру нәтижесінің қорытынды жобасы қаралды (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 5-тармағы).
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша комиссия мүшелері бір ауыздан лауазымды тұлғаларға комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қорытынды жобасын пысықтауды ұсыну туралы шешім қабылдады.