Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының атына хабарлама жолданды

Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының атына хабарлама жолданды

Қостанай облысы бойынша Департаментпен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің хатының негізінде Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратта бірқатар газеттерді қолдағаны үшін ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағы 9-тармақшасының бұзылу белгілері бойынша хабарлама енгізілді.
Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімі аппараты «Мичурин орта мектебі» ММ мекен-жайына 2020 жылға арналған мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу бойынша газеттердің атаулары көрсетілген (Костанай жаңалықтары, Арна, Костанай-Агро, Казахстанская правда, Егемен Қазахстан, Қостанай таңы) хат жолдағаны анықталды.
Осылайша, Қостанай облсының шекарасындағы http://kostanay.gov.kz Интернет-ресурсқа сәйкес 50-ден астам жұмыс істейтін бәсекелестерге қатысты жоғары қоятын артықшылықтар берді.
Бүгінгі күні хабарламаны орындау мерзімі келген жоқ.

Бұдан басқа, Департамент оқу орындарына шарт жасасуға не белгілі бір сатушылардан (өнім берушілерден) тауарларды бірінші кезекте сатып алуға тікелей немесе жанама мәжбүрлеу ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзу болып табылатындығын хабардар ету керектігі туралы Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасына хат жолдады.