«Жекеменшік медицина: перспективалар»

«Жекеменшік медицина: перспективалар»

Медициналық қызмет көрсету саласындағы негізгі проблемалардың бірі мемлекеттің жоғары қатысу үлесі болып табылады. Статистика деректері бойынша медициналық қызметтер көлеміндегі мемлекеттік ұйымдардың үлесі 70%-дан асады.
Осыған байланысты монополияға қарсы органның жұмысында мемлекеттің қатысуын қысқартуға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығымен бекітілген) қысқарту бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Аталған Тізбеден сот есі дұрыс емес деп таныған қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың психикалық аурулардан басқа, қатерлі ісіктер, онкогематологиялық аурулар, соз аурулары және психикалық аурулар алып тасталды.
Қазақстанда онкологиямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары екенін ескере отырып, осы шектеуді алып тастау, өз кезегінде шет елдерге (Израиль, Германия, АҚШ және т.б.) ақша қаражатының кетуінің алдын алып, отандық және шетелдік кәсіпкерлерді осы салаға инвестиция салуға ынталандыруы тиіс.

Толығырақ http://kzrk.gov.kz/kaz/ сайтында таныса аласыз.