
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің 2022 жылғы ақпан-шілде аралығында электр энергиясын есепке алу аспаптарына жоғары бағаға берген өтініші негізінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізді. Алдын-ала жүргізілген талдау шеңберінде Жамбыл облысының аумағында Аспан Energy" ЖШС бір фазалы көпфункционалды DDZ1513 «Аспан-Қазақстан» белсенді электр энергиясын есепке алу аспабын өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын жалғыз нарық субъектісі жұмыс істейтіні анықталды. Тергеп-тексеру барысында нарықтың доминанты бола отырып, компания нарықтағы тауар айналымының жалпы жағдайларын бақылап, айтарлықтай әсер еткені, есептеу құралдарын өндіру және сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды сақтағаны анықталды.
"Аспан Energy" ЖШС әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті анықтау үшін тергеу материалдары 2022 жылғы 19 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Нарық субъектісінің әрекеттерінде ҚР «Қылмыстық кодексіне» сәйкес, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болмаған жағдайда, Департамент ҚР «Кәсіпкерлік Кодексі» нормаларын бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама енгізе отырып, әкімшілік іс қозғайды.