ӘМАТ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУ МАҚСАТЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ЖАСАЛДЫ

ӘМАТ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУ МАҚСАТЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ЖАСАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ірі көтерме жеткізушісі ЖК «Сидельников» арасында монополияға қарсы комплаенс (Меморандум) жасалды.

Комплаенс шеңберінде сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сауда мөлшерлемесін Заңнамада рұқсат етілген 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы ерікті міндеттемелерді өзіне алды.

Дегенмен, Департамент субъектіні Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының бұзылуына жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.