
Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес отырыстарының бірінде Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан нарық субъектілері арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлудің негізділігі мәселесі көтерілді. Мәселені егжей-тегжейлі пысықтау үшін өңірдің монополияға қарсы департаменті Энергетика және ТҮКШ басқармасына нарық субъектілері арасында газ көлемін бөлу бойынша барлық растайтын құжаттар мен есептерді ұсыну туралы сұрау хат жіберді. Алынған ақпаратты талдау шеңберінде осы нарықта жұмыс істейтін 17 субъектіге 2022 жылғы маусымға сұйытылған газды бөлу кезінде сұйытылған газды елдің ішкі нарығына жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларының нормаларына сәйкес жүргізілетін есептеулер кезінде болжанғаннан әлдеқайда көп газ көлемі бөлінгені анықталды. Нәтижесінде бұл нарық субъектісі бәсекелестермен салыстырғанда артықшылықты жағдайға ие болды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағы негізінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қатысты 2022 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес есептеулер жүргізу және осындай іс-әрекеттерге жол бермеу туралы хабарлама жіберілді.
Хабарлама толығымен орындалды.