НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ ЕЛОРДАЛЫҚ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ТЕНДЕРДІҢ КҮШІН ЖОЙДЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ ЕЛОРДАЛЫҚ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ТЕНДЕРДІҢ КҮШІН ЖОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторинг аясында «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ-і 5 жыл мерзімге ҚТҚ шығаруды жүзеге асыру үшін әлеуетті қатысушыларға тендерлік шарттарда жоғары талаптар қойғаны анықталды. Атап айтқанда:

- меншік құқығында қалдықтарды тиеуге, тығыздауға, тасымалдауға және түсіруге арналған кемінде 70 бірлік мамандандырылған техникасының болуы

- жыл сайын 600 бірліктен кем емес жаңа контейнерлер сатып алуды және орнатуды қамтамасыз ету;

- 2025 жылға дейін техниканы Басқарманың коммуналдық меншігінің балансына өтеусіз бере отырып, берілетін мамандандырылған техниканы 100% - ға жаңартуды қамтамасыз ету;

- өз паркі тозған жағдайда - техниканы Евро-4 және Евро-5 деңгейіне дейін жаңарту;

- берілетін қоқыс контейнерлерін жыл сайын 300 бірлікке дейін жаңартуды қамтамасыз ету, кейіннен қоқыс контейнерлерін коммуналдық меншікке басқару балансына өтеусіз беру.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында ҚТҚ шығару нарығында 20 – дан астам субъект жұмыс істейді, олардың ішінде ұзақ жылдар бойы тек бір субъект жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді, қалғандары заңды тұлғалармен жұмыс жасайды.  Бұл ретте мемлекеттік мекеме қойған талаптарға тек бір ғана нарық субъектісі сәйкес келеді. Сонымен қатар, Басқарма жариялаған бірыңғай конкурс Нұр-Сұлтан қаласының бүкіл аумағын қамтыған, осылайша ол әлеуетті қатысушылардың шеңберін шектеген.

Бәсекелестік заңнаманы бұзудың анықталған белгілерінің негізінде Нұр-Сұлтан қаласының монополияға қарсы департамент «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ-не 16.06.2022ж. тендерге әлеуетті қатысушылардың сандық, сапалық сипаттамаларын және оларға қойылатын талаптарды азайту талабымен хабарлама шығарды.

Хабарламаны орындауда Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншік объектілерін тиімді басқару жөніндегі комиссияның шешімімен  аталған тендер тоқтатылды.

Басқарма қаланы әкімшілік-аумақтық учаскелерді (аудандар бойынша) жекелеген лоттарға бөлуді ескере отырып, оны өткізу үшін тендердің шарттарын қайта қарайтын болады, бұл нарықтың басқа әлеуетті субъектілеріне конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.