
Оралда 28 шілдеде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, энергетика және ұлттық экономика министрліктерінің басшылары электр энергиясына арналған Тұтынушылар санаттары бойынша тарифтерді саралауды алып тастау бойынша пилоттық жобаны іске асырудың тетіктері мен кезеңдерін түсіндіру үшін БҚО тұрғындары, депутаттары, қоғам және қоғамдық, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, бизнес пен ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті.
Кездесуде БҚДА төрағасының міндетін атқарушы Рустам Ахметов қатысушыларды тұтынушылардың үш санаты бойынша тарифтерді саралаудың қалыптасқан тәжірибесі туралы айтты. Онда шағын және орта бизнес пен бюджеттік ұйымдар электр энергиясы үшін жоғары тариф бойынша, ал халық төмендетілген тарифті төлейтіні туралы хабардар етті. Бүгінгі таңда энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тарифтері тұтынушылардың топтары бойынша сараланады: тұрмыстық, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар, деп. Тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифтер заңды және бюджеттік тұтынушыларға тарифті жасанды өсіру есебінен төмендетіліп, сараланады. Нәтижесінде бүкіл ел бойынша ШОБ жыл сайын 31 млрд теңгені артық төлейді. Шағын және орта бизнес, өйткені ірі энергияны көп қажет ететін бизнес электр станцияларынан электр энергиясын тікелей сатып алады және оларға саралау қарастырылмаған.
- Электр энергияны бағасының өсуі кезінде өсім көбіне бизнеске жүктеледі. Халық үшін бұрынғы тарифтер сақталуда, - деп атап өтті Рустам Ахметов. - Алайда, біз бәріміз азық-түлік сатып аламыз. Оларды өндіру үшін энергия қолданылады. Ал, бұл тарифтердің жасырын өсуіне әкеледі. Реттеуші, монополист үшін бұл ыңғайлы. Бірақ, тұтынушы мұны байқамайды, өйткені толық бақыла алмайды. Бұл шағын және орта бизнес үшін де жаман. Олар электр энергиясын жабдықтаушы ұйымдардан жоғары тариф бойынша сатып алады, әлеуметтік жүктемені көтереді. Бұл ірі бизнес қатысы жоқ. Ол электр энергиясын станциялардан тікелей алады. Демек, шағын кәсіпкерліктің дамуы қиындайды.
Пилоттық жоба кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуда, тарифтерді саралауды жою бірнеше жылға созылады. Пилоттық режимде жоба 2021 жылы 3 өңірде – Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында басталады.
- Мемлекет кәсіпкерлер есебінен халыққа қолдау көрсетуде. Бірақ, бұл қолдау азаматтардың барлық санаттарына – табысы жоғарыларға да, әлеуметтік осал топтағыларға да көрсетіледі. Осының салдарынан кейбіреуі үйлерінің шатырларын жылытса, өзгесі көше жолдарын жылытып жүр, ал басқалары болса үнемдеуге мәжбүр, - деді Рустам Ахметов. - Біз шын мұқтаж адамдарға қолдау көлемін арттыруды ұсынамыз. Ол үшін тұрғын үй көмегінің механизмі бар.
Кездесуде қатысушыларға тұрғын үй көмегін жүзеге асыру тетігінің егжей-тегжейін Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақова баяндады.
Өз кезегінде, Батыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев әкімдіктің әлеуметтік көмекті есептеуді енгізуге дайындығы туралы айтып берді
Пилоттық жоба аясында Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін электр энергиясы үшін түбіртектердегі ай сайынғы төлем құны тұтынылатын энергия көлеміне байланысты орташа есеппен 300 теңгеге артады. Халықтың әлеуметтік мұқтаж топтары үшін тариф өзгермейді - айырманы оларға атаулы тұрғын үй көмегі есебінен мемлекет субсидиялайтын болады. Қазақстанның қалған өңірлерінде электр энергиясына тарифтерді саралауды жою 2023 жылдан басталады.