
«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Павлодар қаласының көшелерін күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде лоттар санын қысқартып, олардың талаптарын ұлғайта отырып ірілендіру жөніндегі іс-әрекеттер бәсекелестікті және оларға қолжетімділікті шектеуге әкеп соққаны анықталды. Бұл нарық басқа кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының талаптарын бұзады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті лауазымды тұлға – "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы А.С. Қалиақбаров қысқартылған тәртіппен ҚР ӘҚБтК 163-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айыппұл сомасы-459 450 теңге.
Бұдан басқа, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не қатысты бәсекелестікті қамтамасыз етуге, атап айтқанда мемлекет мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, лоттар санын ұлғайтуға, сондай-ақ осы тауар нарығындағы бәсекелестікке теріс әсер ететін іс-әрекеттер жасамауға бағытталған іс-әрекеттер жасау туралы нұсқама шығарылды нарықта.