
Үкімет Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әзірлеген «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысын 2022 жылғы 21 шілдеде қабылдады.
Қаулыда квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын қызметтің 45 түрін қолданыстағы тізбеден алып тастау көзделеді.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесінің қысқаруы ұлттық экономиканы орталықсыздандырудың, жеке бизнесті нығайтудың, нарықты тауарлар мен қызметтермен қанықтырудың, олардың сапасын арттырудың маңызды бағыты ретінде қарастырылады.
Қаулыны қабылдау бәсекелестікті дамытуға және тиісті тауар нарықтарында Жеке кәсіпкерлікті ынталандыруға әкеледі.
Қаулының мәтінімен «Әділет» АҚЖ сайтында танысуға болады. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2200000510).