ҚР Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің алаңында Комитет төрағасы Рустам Ахметов монополияға қарсы ведомствоның қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында төраға Республикада монополияға қарсы қызметті дамытуға үлес қосқан қызметкерлерге «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгілерін табыс етті, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
"Биылғы жылы бәсекелестікті және жеке секторды дамытуға бағытталған, монополияға қарсы орган қызметінің жаңа бәсекелестік моделін енгізу аяқталды.
Модельді тәжірибеде іске асыру екі негізгі бағыттармен қамтамасыз етіледі: бәсекелестікті дамытудың Жол картасын және белсенді бәсекеге қабілетті саясаттың негізгі интсрументі болып табылатын бәсекелестікті дамыту стандарттарының жүйесі" – деп атап өтті Төраға.
Қорытындылай келе, Төраға өзінің құттықтау сөзінде барлық ұжымға жұмысы мен бәсекелестікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.