
Сауда-саттықта өткізу кезінде сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға орнату белгілері бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру басталды.
Бұдан басқа, бағалық сөз байласу және газды өткізуден негізсіз бас тарту белгілерінің болуына байланысты Ақтөбе облысының 8 газ желісі ұйымдарына (ірі және ұсақ) және 5 автожанармай құю станцияларына хабарлама жіберілді.
Хабарлама 10 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда да нарық қатысушыларына қатысты тергеп тексеруге бастамашылық жасалатын болады.